Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

Ағымдағы жылдың 01 наурызында Ресей Федерациясы ІІМ Омбы академиясында онлайн форматта «Полиция қызметкерлерінің жеке құқық нормаларын қолдануы» тақырыбында халықаралық конференция өткізілді. Қазақстан Республикасының ІІМ Шыракбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілі ретінде жалпы заң пәндері кафедрасының бастығы, философия докторы (PhD), полиция подполковнигі Данияр Қалқаманұлы «Қазақстан Республикасы ІІО қызметінде азаматтық құқық нормаларын қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Баяндаушы азаматтық құқық нормаларын іске асыру бойынша ІІО қызметінің нақты жағдайларын жеткізді, бұл жағдайларда тәртіп сақшылары азаматтық құқықтық қатынастарда өз бетінше сөз сөйлеуге және мүліктік жауапкершілікке ие бола алатындығын айта кетті. Осы бағыттағы проблемалық аспектілер де қозғалып оның шешу жолдары ұсынылды.01_03_1.jpg
2024 ж. 01 нау., 08:15:40