Меню
1414 Call-Центр
+7 (777) 659-17-36 Телефон доверия
Приемная комиссия +7 700-482-74-14

Ата Заңның құрдастарына – 29 жас

Ата Заңның құрдастарына – 29 жас

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Конституциясының  құрдастары                  ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қызмет атқарып жатыр.

Тәрбие және кадр жұмысы бөлімі бастығының орынбасары полиция капитандары Салтанат Бахытбекқызы Жумалдина мен қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы Нұрсұлу Байқонысқызы Пряхина. Салтанат Жумалдина 1995 жылы 24 сәуір айында Қостанай облысы Меңдіқара ауданы Молодежное ауылында туған. 2002 жылы мектеп табалдырығына алғаш рет қадам жасап,  9-сыныпты С. Мәуленов атындағы гимназияны бітіреді.                        2011 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық  колледжінің «Құқықтану» мамандығына оқуға түседі. С. Жумалдина балалық кезден бастап ішкі істер органының қызметкері болуды армандаған. Сол арманына жету мақсатында, 2014 жылы Қостанай облысының  Мамандандырылған күзет қызметі басқармасына қызметке орналасады. Осы басқармада әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарады. 2020 жылдың қазан айынан бастап ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында еңбек етеді. Салтанат ханым қызмет барысында әрбір қызметкердің, курсанттардың және тыңдаушылардың жеке іс-қағаздарын реттеп, қабылдап, олардың дұрыс толтырылуын қадағалап отырады.

Ал, Нұрсұлу Пряхина 1995 жылдың 13 маусымында Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылында дүниеге келген. 2002 жылы 1-ші сыныпты Тобыл қаласының Н.Наушабаев атындағы мектебінде білім алады. 2013 жылы мектеп табалдырығын аяқтап, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Заңтану» мамандығына оқуға түседі. Нұрсұлу кішкентайынан ата-аналарына полиция қызметкері болам деп, армандаған ол, өз арманына жету үшін, оқуды да осы бағытта таңдайды. 2017 жылы Қостанай мемлекеттік университетін бітірісімен Қостанай қаласы Полиция басқармасының тергеу бөліміне жұмысқа орналасады. Осылайша, 2017 жылдан бастап ішкі істер органдарының қызметкері болып, өз арманына қол жеткізеді. Қызмет атқару барысында әртүрлі санаттағы қылмыс бойынша үш жүзге жуық қылмыстық істермен жұмыс жасайды. Нұрсұлу «Еңбегі жанған арулар» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңінде «Полиция үздік қызметкері» номинациясының жүлдегері атанып, Қостанай облысы әкімінің дипломымен марапатталды. Бір қызығы, Нұрсұлудың жолдасы да ішкі істер органында қызмет атқарады. Жолдасының әкесі де ішкі істер органының зейнеткері, яғни Нұрсұлу ханым Пряхин әулетін жалғастырушы болып табылады.

Салтанат пен Нұрсұлу Қазақстан Республикасы Конституциясының құрдасы болғандарына қуанышты. Өйткені осындай тамаша да, нәзік жандар ішкі істер органдарында ер азаматтармен қатар қызмет атқарып келеді. Осы бір қызығынан гөрі қиындығы басым мамандықты таңдап, батылдылық пен табандылықты бойына сіңірген, адалдық пен әділеттілікті ту етіп ұстаған полиция капитандары Салтанат пен Нұрсұлу  Антына берік, азаматтық борышын адал атқарып, тапжылмай қажырлы еңбек етуімен көп жандарға үлгі болатын қызметкерлер. Еліміздің болашағы белсенді де білімді жастардың қолында деп айта аламыз. Осындай керемет жандардың Конституцияның  құрдастары болғандарын біз мақтан етеміз.

134c29294aa2f771219bb20784c88ce2c852bf7c.jpg
29 авг. 2024 г., 22:00:00