Қазақстан Полициясының 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасы «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы бойынша оқитын 1-3 курс курсанттары арасында «Қазіргі қоғамдағы полицияның рөлі» тақырыбына эссе байқауын өткізді.
Курсанттар өздерінің ойларын білдіруде өз білімдеріне сүйеніп, ұлы адамдардың цитаттарын пайдаланды, қағаз парақтарында патриотизм, міндет және абырой сезімдерін байқатты. Курсанттар нағыз полиция қызметкерін, офицерге тән жеке және кәсіби қасиеттерін өздерінің көруінше сипаттады. Сонымен қатар, азаматтардың тәртіп сақшыларымен өзара қарым-қатынастарына қатысты өзекті мәселелерді қозғады. Халықтың сенімсіздік, күмәндік, сынаушылық мәселелерінің бүгінгі күнге дейін орын алып отырғандығы белгілі. Осыған байланысты, курсанттар өздерінің шығармашылық жұмысында құқыққорғау жүйесінің имиджін арттыру бойынша мәселелердің шешу жолдарын ұсынды. Осы орайда, азаматтарды құтқару барысында өздерінің өмірлерін қиып, батырлық көрсеткен полиция қызметкерлерін үлгі тұтуға шақырды.
Қорытынды шығару барысында қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау қиынға соқты. Өйткені әрбір курсант өзінің жекелігін, креативтілігін және жұмысқа өзінің жеке көзқарасын білдірді. Дегенмен, байқау нәтижесінде 1 орынды 1 курс курсанты полиция қатарындағы Есламбек Айдын алды, 2 орынды 2 курс курсанты полиция қатарындағы Каламбаева Альбина иеленді, жүлдегерлер үштігіне 1 курс курсанты полиция кіші сержанты Исакова Валерия кірді. Осы курсанттар мақтау қағаздарымен және сувенирлермен марапатталды.
113 және 114 оқу топтарының кураторы,
ІІО-да ӘЖҰ кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны Исергепова А.К.