Интеллектуальная игра «Aqyl battle»
Интеллектуальная игра «Aqyl battle»


30 апр. 2025 г., 15:00:00
ІІМ Қостанай академиясында "Aqyl battle» интеллектуалды ойын аясында қатысушылар білім, логика және ойлау жылдамдығы бойынша сайысқа түсті. Командалар тарих пен ғылымнан мәдениет пен күнделікті эрудицияға дейінгі ауқымды сұрақтарға жауап берді. Академия курсанттары мен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Арқалық педагогикалық университеті, ҚИНЭУ студенттерінің басын қосқан динамикалық форматта ойын өтті. Қатысушылар тамаша көңілде стратегиялық ойлауды және командалық рухты көрсетті. «Aqyl battle" жай ғана жарыс емес, нағыз зиялылық пен достық бәсекенің мерекесіне айналды. Ол жарқын әсер қалдырып, жаңа зияткерлік жетістіктерге мотивация зарядымен аяқталды!


