Заңсыз қарым-қатынастың алдын алу
Заңсыз қарым-қатынастың алдын алу мен болашақ қызметкерлер арасында сенімділік орнату мақсатында Қостанай академиясының алғашқы кәсіби даярлық курстарының тыңдаушылары Академия ардагері, ардагерлер кеңесінің төрайымы Құрманғалиева Балым Хозедиясқызымен кездесті.
Кездесу барысында Балым Хозедиясқызы өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, тыңдаушыларға қызметтік міндеттерді орындаудағы жауапкершілік, ұжымдық бірлік пен өзара қолдаудың маңыздылығы жайында құнды кеңестер берді. Сонымен қатар, ол жастарды адалдыққа, тәртіпке, адамгершілік құндылықтарды сақтауға және әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға шақырды.
Жастар үшін пайдалы әрі әсерлі болған бұл кездесуде тренингтік сабақтар да ұйымдастырылды. Арнайы жаттығулар сенім атмосферасын қалыптастыруға, өзара қарым-қатынасты нығайтуға және ұжымда жағымды ахуалды орнықтыруға бағытталды.
Академия басшылығы мен ардагерлер кеңесі мұндай іс-шаралардың тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті. Бұл кездесулер тыңдаушылардың кәсіби даярлығын арттырып қана қоймай, олардың болашақ қызметінде ұжымшылдық пен өзара түсіністіктің орнығуына ықпал етеді

