Академия ардагерімен кездесу
ІІМ Қостанай академиясының оқу залында курсанттар мен тыңдаушылар арасында оқуды насихаттау және ғылыми әдебиетке қызығушылықты арттыру жөніндегі ақпараттық науқан аясында жалпы білім беру пәндері кафедрасының бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, запастағы полиция полковнигі Нұрлан Аққалашұлы Түлкінбаевпен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты курсанттарды ғылыми ойдың заманауи үрдістерімен таныстыру және ғылыми әдебиеттердің ішкі істер органдары қызметкерінің кәсіби қалыптасуына қалай көмектесетінін көрсету. Н. Түлкінбаев курсанттар мен тыңдаушыларға ғылымға жеткен жеке жолы туралы, педагогика саласындағы өзінің іргелі ғылыми еңбектері, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мәселелеріне арналған зерттеулер жөнінде айтты. Белсенді тыңдаушылар мен курсанттар "Ғылыми әдебиеттерді оқы!" викторинасына қатысты. Кеш соңында Академияның профессорлық - оқытушылар құрамының ғылыми еңбектеріне шолу жасалды.
