Академияның қызметкерлері арасында 2017 жылдың 27 сәуірінде «Парасатты полицей» сайысы өтті. Қатысушы командалардың арасында заң институты бастығының орынбасары, әрі сырттай оқыту факультетінің бастығы полиция майоры Ербол Утегенов бастаған «Мирас» командасы болды. Бұл команданың құрамына академияның келесі бөліністер: ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасы, психология және педагогика кафедрасы, жедел-іздестіру кафедрасы, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы, әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасы, сырттай оқыту факультеті, екінші арнай бөлім енді.
Көрермендерге полиция қызметкері бейнесін, оның қазіргі қоғамдағы рөлін көрсетуді команда өзіне мақсат тұтты.
Мирас ... Бұл атау кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Өткеннен қалған мұра, із, жәдігердің кешегі мен бүгінгіні тығыз байланыстырып жатырғандығы бәрімізге мәлім. Өзінің көрінісін Абылайханның ұлы сөздерімен бастаған біздің команда халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеп және сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, азаматтардың мүддесін қорғап, Отан үшін қызмет атқарып келе жатқанымызды көрсетті. Біз өзіміздің ата-бабаларымыздың өдерінің ерліктерімен және жеңістерімен қорғап, бізге аялап, сақтап, қадірлеуге қалдырып кеткен салт-дәстүрлерін жалғастырушылармыз.
Әр бір қатысушы ұйымдастыру және дайындық барысында өзінің үлесін қосып еңбектенуге тырысты. Команданың ауызбірлігі мен ұйымшылдығы оның жетекшісіне тәуелді екені сөзсіз. «Мирас» құрылған алғашқы күнінен бастап жетекші бәрімізді мықты екпінді жұмысқа жұмылдырды, бір-бірімізге деген достық және сыйластық көзқарас қалыптастырды. Полиция подполковнигі Лукпанов Медет біздің көрінісіміздің сценарийін жазып үлкен үлесін қосты. Ал команда капитаны полиция аға лейтенанты Турсымбаева Назгулдің ұшқыр әзіл-сықағымен және шебер актерлік ойынымен бүкіл көрермендерді таң қалдырып, көңілін жаулап алғанын ерекше атап өту керек.
Біздің үй тапсырмасын орындауымыз көрінісіміздің көркіне айналды, өйткені ол әлеуметтік жетімдік мәселесіне арналған болатын. Осы сахналық идеяның авторы полиция полковнигі Конвисарь Анна еді. Біздің Туретаев Қуаныш, Конвисарь Анна, Жандауов Багдат, Абдыкалыков Бердібек және Сабырбеков Жанибек сияқты қызметкерлеріміздің ойыны кәсіби актерлердің ойынына ұқсап қалды. Олар негізгі ойды жеткізе білді және әрбір көрерменнің жүрегін жылытты.
Кез-келген команданың сахна сыртындағы ойыншысы болады, ол сахнада көрінбейді, оны ешкім естімейді, ал онсыз көрініс қойылмайды. Біздің команданың да өз ойыншысы бар. Уркумбаев Мейрамбектің бейнекөріністері команданың іс-әрекетін үнемі қолдап, сәнді және қызықты толықтырулар жасап отыруға мүмкіндік берді.
«Мирас» командасының мүшелері полиция капитаны Примкулова Алмагуль және полиция аға лейтенанты Карл Ардақ үшін «Парастты полицей» сайысы сахналық алғашқы қадамдары боды. Дегенмен, олардың белсенді қатысуын, жарқын ойларын және пысық ойынын көрермендер бірден байқады және жақсы бағалады.
Командаға жанашырлық танытып, плакаттар дайындап бізге залда қолдау көрсеткен академия қызметкерлері мен курсанттарға аса ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Толғану, қорқу және мазасыздану – міне, біздің алғашқы бастан кешкен сезімдер осы. Бірақ, біздің ұйымшылдығымыз, көрермендеріміздің күшті қолдауы бізге күш берді және көңілімізді орнықтырды.
Жетістіктің кепілі – ауызбірлік, ұйымшылдық, өзара түсінушілік және ортақ мақсат. Біз осы мақсатқа жеттік. Сайыс қорытындысы бойынша «Мирас» командасы «Бас жүлде орын» грамотасымен марапатталды және құрамына Қостанай облысының білім беру және мемлекеттік тілді дамыту саласының жетекші өкілдері кірген қазылар алқасы тарапынан мақтауға ие болды.
Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты
ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы
полиция капитаны А. Исергепова