Құрметті Мирлан Ахмедияұлы!
Астана қаласы ІІД басшылығы, ардагерлері мен жеке құрамы атынан Сізді және сіз басқарып отырған жеке құрамды, ардагерлерді Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 25 жыл толу мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ел тыныштығы мен қоғамның бейбіт өмір сүруін қамтамасыз етуде, қылмыспен күресуде, тәртіп пен заңдылықты нығайтуда - полиция қызметкерлері әрқашан алдыңғы шепте тұрады.
Осы атаулы күнде Сіздерге мықты денсаульқ, қажымас қайрат, отбасыларыңызға береке-бірлік, бақыт және Отанымыз - Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы қызметтеріңізге мол табыс тілеймін.
Ізгі ниетпен.
Астана қаласы ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі С.Қ. Шалданбаев
2017 ж. 26 мау., 11:17:54