Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қостанай академиясының 45 жылдығына арналған «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойынын өткізді.
2016 жылы 21 сәуірде Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының апталығы аясында кафедра аға оқытушысы полиция капитаны Е.Н.Пилецкая мен кафедра оқытушысы полиция капитаны С.Т.Утегенова күндізгі оқыту факультетінің 1-3 курс курсанттарымен «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық ойынын өткізді.
Интеллектуалдық ойын бес кезеңнен тұрды: «Моя визитная карточка», «Бәйге», «Полиглот», «Живые вопросы», «Оратор». Бұл сынақтарға атсалыса отырып, қатысушы курсанттар Қазақстан тарихынан, оқу орнының пайда болуы мен дамуы тарихынан, шешендігінен, өз ойларын түсінікті және анық жеткізе білулерінен білімдерін көрсетті.
Атап өтері бұл ойын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Үш тілдің бірлігі» идеясын дамытуға үлесін қосты.
Қазылар мүшелері сайыс барысында қатысушыларды түрлі талаптарға сәйкес бағалады: тілді білуі, сөйлеу мазмұны, тарихтан, географиядан, еліміздің Мемлекеттік рәміздерінен, Академияның қалыптасу тарихынан, шешендік өнері мен сөйлеу мәдениетінен білімдерін сынады.
Сайыстың сынақтарының нәтижесінде қазылар келесідей орындарды бөлді:
1 орын – 2 курс курсанты Жунисова Индира.
2 орын – 2 курс курсанты Балдаиров Мухамедали
3 орын – 1 курс курсанты Бейсембай Алуа.
Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Интеллектуалды ойынды өткізу мен ұйымдастыруға көрсеткен көмектері үшін білікті қазылар алқасына ерекше алғыс білдіргіміз келеді: полиция полковнигі Г.К.Ескатоваға, полиция подполковнигі И.А.Акимчеваға, полиция капитаны М.К.Смагуловқа және полиция капитаны Д.Т.Кармысаковаға
Қорытындылай келе айтатыным курсанттар әртектес сайыстарға аса ерекше құлшыныстарымен қатысады. Оқытушы мен курсанттың арасындағы бірлескен танымдық байланыс белсенділікке тәрбиелеп, адамгершіліктік қатынастардың дамуына септігін тигізеді.
Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция капитаны
Е.Н.Пилецкая