Құрметті Мирлан Ахмедияұлы![/caption] Білім мен ақпарат ғасырында жастар қауымына ұлтжандылық, елтану, адамгершілік тәрбиесін беруде Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары саласына 45 жылдан бері ауқымды үлес қосып, ведомстволық оқу орындары арасында беделге ие болып, білімді де білікті мамандар дайындап, ұзақ жылдар бойы жас әскери ұрпақты түлетіп отырған Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының маңызы ерекше. Мәдениет пен ғылымның дамуы жолында өзінің рөлін бағалай білетін академия ұжымы қызметінің нысандары мен әдістерін жетілдіруге әрқашанда белсенділікпен ұмтылып, маңызды инновациялық шешім қабылдауда, көпқырлы жұмысты өз әріптестерінің шеңберін кеңейте отырып жүзеге асыруда. Ұрпаққа адалдық пен ізгіліктің кілтін ұстатып, әрбір қазақстандыққа жан шуағын шаша білген, өмір кілтін құқық қорғау қызметіне арнаған жандардың еңбектері ұшан-теңіз. Бүгінде сымбаты мен сәулеті жарасқан осынау киелі шаңырақтың нығаюына сүбелі үлес қосып, академия ісінің алға басуын көздеген Сізге және сіз басқарып отырған ұжым қызметкерлеріне шығармашылық табыстар тілеймін. Ғылым шыңдарына жетелеудегі, нағыз отаншыл, білімдар құқық қорғау саласының қызметкерлерін тәрбиелеудегі жасап жатқан ерен еңбектеріңіз еленіп, шығармашылық шабыттарыңыз шарықтап, биіктерге жетелесін! Оқу ордасы ырыс-берекемен молайып, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім орнап, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер беріп, жарқын болашаққа сенімділік арта түссін!
Ізгі ниетпен, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция полковнигі С.И. Қаракүшев
28 apr 2016 13:48:01