2017 жылғы 7 сәуірде кураторлық сағат аясында «Полиция мамандығын неге таңдадым?» тақырыбында шығармалар конкурсы ұйымдастырылды. Қазақстандық полицияның 25 жылдығы қарсаңында өткізіліп отырған іс-шарада,курсанттарды патриотизмге, азаматтыққа, ішкі істер органдарының беделі мен маңызын көтеруге үндеп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін де жетілдіру көзделген еді.
Конкурсты өткізбес бұрын оқу тобының кураторы «Қазақстандық полицияның қалыптасу тарихы» тақырыбында дәріс оқыды, соның ішінде ішкі істер органдарының қалыптасу тарихына тоқталып, есімі әйгілі министрлер, нормативтік-құқықтық базаның дайындалуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарын қиындықтарға ұшырауы туралы мол мағлұмат берді.
Сауаттылық, өзіндік ойлау қабілеті, тақырыптың толық ашылуы, идея сонылығы, тіл байлығы, жұмыстың шығармашылық сипаты –бағалаудың басты өлшемдері болды.
Конкурстың қорытындысы бойынша сайыста топ жарған 105 оқу тобының курсанты –Кабдулинов Мейрам болса, екінші орынды – Сидорова Владиславаиеленіп, үшінші орынды – Амангельдиев Нургиса алды.
Конкурстың соңында курсанттар полиция мамандығы – өте қызғылықты, қиын да күрделі, алайда қажет мамандық екендігін мойындап, ол адамдардың өміріне, қала берді қоғамның жақсаруына ықпал етеді деген тоқтамға келді.
Топ жарған шығарманы жариялаймыз!
Анна Медведева,
105 оқу тобының кураторы,
полиция капитаны