Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

Адамды таңдайтын мамандық емес, мамандықты таңдайтын адам. 2024 жылғы қаңтардың 29-30 аралығында Қостанай облысы, Қарабалық ауылының №1 М.Горкий, №2 Абай Құнанбаев, №3 М.Сералин атындағы жалпы орта білім беретін мектептердің бітірушілерімен, сонымен қатар Қазақстан агротехникалық колледжінің студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Қостанай академиясының ҚАЖ мамандарын даярлау жөніндегі экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл орталығының аға оқытушы-әдіскері полиция аға лейтенанты Д.Е. Абенов және Қостанай аудандық полиция бөлімінің тәрбие және кадр жұмысы тобының инспекторы полиция подполковнигі А.О.Казенова білім беру ұйымдарының білім алушыларына Қостанай академиясына қабылдау ережелері мен шарттары туралы айтып берді. Соңында лекторлар іс-шараға қатысқандардың сұрақтарына жауап берді.31_01_1.jpg31_01_2.jpg31_01_3.jpg31_01_4.jpg31_01_5.jpg
2024 ж. 31 қаң., 07:25:43