Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 (777) 659-17-36 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 700-482-74-14

Қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының оқытушысы полиция майоры И.Овчинникова Қостанай қаласының пробация қызметінің аға инспекторы әділет майоры М.Токмагамбетовамен бірлесіп, алғашқы кәсіптік даярлық курсының 22-оқу тобының тыңдаушыларымен «Кәсіптік даярлық» курсы бойынша практикалық сабақ өткізді. Сабақ барысында Макпал Еркановна тыңдаушылармен өзінің тәжірибесімен бөлісіп, пробация қызметінің жас қызметкерлері тәжірибеде қандай қиындықтарға тап болатыны туралы айтты. Сондай-ақ қызметкерлер пробация қызметінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетік меңгеруі, сондай-ақ өз жұмысында ақпараттық базаларды пайдалана білуі тиіс екендігіне баса назар аударды.02_06_1.jpg02_06_2.jpg02_06_3.jpg
2024 ж. 02 ақп., 12:26:28