Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Құсмұрын жалпы білім беретін № 1 және № 2 мектептерінде 10-11 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқытудың ақпараттық-техникалық құралдары бөлімінің инженері полиция лейтенанты А.Б.Базылов және Әулиекөл ауданының Полиция бөлімі тәрбие және кадр жұмысы тобының аға инспекторы полиция капитаны Т.К. Уайсов кәсіби бағдар беру бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шарада Қостанай академиясына түсу тәртібі мен шарттары бойынша презентациялар мен бейнероликтер көрсетілді және барлық қатысушыларға ақпараттық буклеттер таратылды.
2024 ж. 06 ақп., 07:19:51