Қызметтік-әскери тәртіп пен заңдылықты сақтау мақсатында Қостанай академиясының басшылығы алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Академия бастығының м.а. полиция полковнигі Алтай Байсұлтанов ішкі істер органдары қызметкерінің осы қызметті таңдап, алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушылары осы мамандықтың барлық жауапкершілігін нақты түсінуі тиіс екенін атап өтті. Ішкі істер органдарындағы қызмет ІІО-ның болашақ қызметкері ретінде тыңдаушының моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Сонымен қатар, алдағы өтетін емтихандарға дайындалу үшін бөлінген уақытты ұтымды пайдалануға баса назар аударды. Соңында А. Байсұлтанов барша тыңдаушыға қызмет атқару жолында толағай табыс тілеп, қызметтік-әскери тәртіпті сақтау қажеттігін атап өтіп, тыңдаушыларды сұрақтарына толыққанды жауап берді.
2024 ж. 14 ақп., 07:40:22