Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында ашық есік күні өтті. Бүгін білім ордасына Қостанай қаласы мен жақын орналасқан елді мекендердің әр түрлі мектептерінен үш жүзден астам оқушылар келді. Мектеп оқушылары мен олардың оқытушылары Академия өміріне жеке қатысуға және курсанттардың оқу процесінің ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алды. Олар дәрісханаларды, кітапхананы, казарманы, асхананы, атыс тирін, спортзалды, мұражайды аралады. Әсіресе, болашақ полиция қызметкерлері жедел-әкімшілік дағдыларды меңгеретін оқу-жаттығу алаңдары балалардың қызығушылығын тудырды. Танымдық экскурсиядан кейін, Академия өкілдері қонақтарымызды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар оқуға түсу ережелері мен шарттары туралы айтты.01_04_1.jpg01_04_2.jpg01_04_3.jpg01_04_4.jpg01_04_5.jpg01_04_6.jpg01_04_7.jpg01_04_8.jpg
2024 ж. 01 нау., 09:19:16