Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

Бүгін ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында алғаш рет AntiParaCraft квест ойыны өтті. «Саналы ұрпақ» офисі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Департаментімен бірлесе ұйымдастырылған ауқымды жобада облыстың 6 жоғары оқу орнының командалары қатысты. Байқау барысында қатысушылар жағдаяттық тапсырмаларды орындады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға дайындығын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды білудегі ұйымшылдығын көрсетті; «Полилог» сайысына команда капитандары қатысты. Іс-шара нәтижесінде Академия курсанттар командасы 1 орынды иеленді. Қостанай академиясы конкурстың осы түріне қатысқан бірінші ведомстволық ЖОО болғанын атап өткім келеді. Енді біздің команда Көкшетау қаласында өтетін республикалық квест ойынында Қостанай облысының намысын қорғауға аттанады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!05_02_1.jpg05_02_2.jpg05_02_3.jpg05_02_4.jpg05_02_5.jpg05_02_6.jpg
2024 ж. 05 нау., 07:19:15