✅АЙТЫЛДЫ-ОРЫНДАЛДЫ «...Халқымыздың дүниетанымына жат идеология да елімізге зор қауіп төндіреді. Әсіресе, жас ұрпақ жасанды идеялар мен «жалған батырлардың» жетегіне ілесіп кетуі мүмкін. Ел ішіне іріткі салатын, қауіп төндіретін әрекеттерді ақтауға қатаң тосқауыл қою керек» - деп, осы мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында баса назар аудару қажеттігін білдірді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл жөніндегі қылмыстық-атқару жүйесі мамандарын даярлау орталығының басшысы полиция подполковнигі Мырзабек Туйганов алғашқы кәсіби дайындық курсының тыңдаушыларымен дәріс өткізді. Деструктивті діни ағымдардың ықпалынан қалай қорғану керектігі мен оларды ажырату белгілеріне тоқталып өтті.
2024 ж. 14 нау., 07:36:07