Қостанай академиясына үш күндік жұмыс сапармен Латвиядан халықаралық пробация сарапшысы Ольга Добросердова және БҰҰ-ның Орталық Азиядағы есірткі және қылмыс жөніндегі өкілдері Ильяс Нұрмағанбетов, Қайыржан Жукенов келді. Сапардың негізгі мақсаты зорлық-зомбылық экстремизмі үшін сотталғандармен және түрмеден шыққаннан кейін шетелдік террористермен жұмыс істеу бойынша бірқатар мәселелерді талқылау болып табылды. Шолу миссиясы бағдарламасының аясында Академия басшылығымен, пробация қызметінің мамандарын даярлау орталығының және экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының оқытушыларымен кездесулер өткізіліп, әкімшілік құқық және қылмыстық-атқару құқығы кафедраларының қызметімен танысты. Сонымен қатар алыстан келген қонақтар музейді, Нельсон Мандела ережелерін зерттеудің ғылыми-білім беру орталығында болып, ҚАЖ оқу полигонына барды.
2024 ж. 28 нау., 07:52:14