Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 (777) 659-17-36 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 700-482-74-14

Аманкелді Иманов 1873ж. Торғай уезі Қайдауыл болысының №3 (Терісбұтақ) ауылында дүниеге келген, қазіргі - Қостанай облысының Аманкелді ауданы. Аманкелді кедей қазақ отбасында дүниеге келген, ауыл молдасынан білім алған, Тасыбай мен Ташмағамбет ишандардың медресесіне оқуға түскен. 12 жасына дейін ауыл мектебінде, кейін төрт жыл медреседе оқыды, түрік, парсы, араб тілдерін үйренді. Ол Кенесары ханның үзеңгілес серігі, Иман батырдың ұрпағы. 1905-1907ж.ж. өкіметке қарсы көтерілістерге қатысып, қудалауға ұшырап, Торғай даласының шалғайдағы ауылдарына жасырынуына тура келеді. 1910ж. Аманкелдінің руы өмір сүрген Терісбұтақ ауылында оның бастамасы бойынша мектеп салынды. Оның есімі қазақ халқының тарихында 1916ж. ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. 1918ж. Аманкелді Кеңестердің облыстық сьезіне қатысты. Осы жылдары Кеңес қызметкерлерінің бір тобын басқарып, Торғай уезінде ауылдық және облыстық Кеңестердің сайлауын өткізді. Аманкелдінің туған ауданы және республиканың көптеген колхоз, совхоздары батырдың есімімен аталады. Алматы қаласында және аудан, облыс орталықтарында батырдың ескерткіш мүсіні орнатылған. Ж.Жабаев, Аманкелдінің бұрынғы сарбазы, халық ақыны О.Шипин т.б. ақындар батырға арнап өлең, поэмалар жазды. Жазушы Ғ.Мүсірепов «Аманкелді» пьесасында халық батырының көркем бейнесін жасады. Халық суретшілері Ә.Қастеев пен Қ.Телжанов Аманкелді бейнесін тартымды бейнеледі.03_02_1.jpg
2024 ж. 03 сәу., 07:55:10