Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 (777) 659-17-36 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 700-482-74-14

Бүгін төрт курсанттың ата-анасы ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында оқып жатқан балаларының өмір сүру және оқу жағдайларымен танысты. Олар жатақханаларды, асхананы, мұражайды, кітапхананы аралап, оқу корпустарының рекреацияларынан өтті. Курсанттардың ата-аналарымен Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов кездесті. Ол ата-аналар тарапынан оқу орнына көрсетілген көңіл үшін ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта өзара іс-қимыл мен бірлескен жұмысқа үміт артатынын жеткізді. - Академияның да, балаларымыздың да хәл-жағдайы сіздің де белсенді қатысуыңызға тікелей байланысты, өз тарапымыздан сіздердің барлық ұсыныстарыңызды, ескертулеріңізді тыңдап, олар бойынша тиісті шаралар қабылдауға дайынбыз. Біздің басты мақсатымыз - жоғары оқу орнының қабырғасынан лайықты әрі білікті мамандарды шығару, - деп қорытындылады өз сөзін Академия бастығы. Курсанттардың ата-аналары өз кезегінде білім ордасының басшылығына қонақжайлылығы үшін алғыстарын білдірді.11_02_1.jpg11_02_2.jpg11_02_3.jpg11_02_4.jpg11_02_5.jpg
2024 ж. 11 сәу., 07:01:23