Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев пен Ғылым және жоғары білім вице-министрі Ахмед-Заки Дархан Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына жұмыс                        іссапарымен келді. Су тасқыны жағдайының алғашқы күндерінен бастап  аймақтағы ЖОО-да  азаматтарды уақытша орналастыру үшін эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр. Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов министрліктердің өкілдерін бір мезетте баспанасыз, мүліксіз қалған тұрғындармен кездестірді. Олар су тасқынынан зардап шеккен азаматтардан тұрмыстарын, азық-түліктерін және денсаулық жағдайларын сұрап, олардың сұрақтарына  жауап берді.



        
        


