ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының тәрбие және кадр жұмысы бөлімі бастығының уақытша м.а. полиция подполковнигі Руслан Аужанов, қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Алтынбек Бекбауов «Қоғамдық орындарда тәртіпсіздіктерді оқшаулау бойынша полиция қызметкерлерінің тактикалық іс-әрекеттері (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде) тақырыбы бойынша Ресей ІІМ Омбы академиясында Қазақстан Республикасы ІІМ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Бағдарламаның оқу-тақырыптық жоспары мынадай тарауларды зерделеуін қамтыды: қоғамдық орындардағы тәртіпсіздіктердің жолын кесу бойынша арнайы іс-шараларында ІІО іс-әрекетінің типтік әдістері, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде профайлинг технологияларын қолдану және тағы да басқалар. Курстың соңында университет басшылығының қатысуымен біліктілікті арттыру сертификаттарын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті, онда қазақстандық мамандар ресейлік әріптестеріне өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
2024 ж. 18 сәу., 06:35:12