Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей ерлік көрсеткен адаммен кездесу өтті. Кәсіби даярлық факультетінің 1- курс курсанттары Қазақстан Республикасы ТЖМ Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» №5 өрт сөндіру бөлімінің командирі, азаматтық қорғау прапорщигі Владимир Михайлович Беляковпен кездесті. Тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде ол төрт адамның өмірін құтқарды, олардың арасында бала да болды. Ерлігі мен батылдығы үшін Владимир Михайлович «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Батырдың әңгімесі болашақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін өз еліне және адамдарға қызмет етудегі ең жарқын үлгі болды. Сонымен қатар іс-шараға ТЖД ресми өкілі азаматтық қорғау капитаны Аязбек Искаков қатысты. Қостанай академиясының Имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар бөлімінің бастамасымен Отан қорғаушылар күніне орай ерлік сабағы өтті.
2024 ж. 06 мам., 09:14:11