ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының өкілдері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөліміне барды. Олар мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың міндетін атқару шарттарымен және әскери бөлімнің тарихымен танысты, тұрмыстық үй-жайларда, жаттықтыру залында болды, оларға әскери техника, қару-жарақ, киім-кешек көрсетілді. Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен кездесіп, жеке құрамға қызметтік-жауынгерлік іс-қимылда табыс тіледі. Сонымен қатар, тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Аужанов Қостанай академиясында білім алу перспективалары туралы айтып берді.
2024 ж. 15 мам., 07:11:03