Қазақстан Республикасы ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Қостанай филиалының ЧелГУ студенттері және Қостанай Академиясы курсанттарының қатысуымен "Ғылым жастар көзімен" тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті, онда Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық даму теориясы мен практикасының өзекті мәселелері талқыланды. Конференция қорытындысы бойынша студенттер мен курсанттар Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменовтың атынан диплом және грамоталармен марапатталды.
2024 ж. 17 мам., 07:09:39