1991ж. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы, ал 1992ж. Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды. 1994ж.«Алтын Жұлдыз» табыс етіліп, «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Оның қаламынан туындаған «Лицом к огню», «Мой передний край» және т.б. естелік кітаптары бар. Бүгінде оның есімі Қазақстан қалаларының көшелеріне және әскери оқу орындарына берілген, батырдың құрметіне ескерткіштер, мемориалдық тақталар орнатылып, мұражайлар ашылды. Сағадат Қожахметұлының бюсті Мәскеудегі ҰОС Орталық музейі Қасіретке тағзымға қойылған. Ол жайлы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» «Сағадат Нұрмағамбетов. Соңғы сұхбат» атты фильм түсірген болатын. Фильм 2016ж. Севастопольде өткен ХІІ Халықаралық деректі фильмдер мен телебағдарламалар кинофестивалінде үздік портреттік очерк сыйлығын жеңіп алған.
25 maý 2024 06:03:50