Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Кітапхананың оқу залында «Ақтандақтар ақиқаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде XX ғасыр басындағы халық тарихының қасіретті беттері, «Алаш» саяси партиясы мен оның жетекшілерінің қызметі, еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі туралы идеяларын алға тартқан мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы материалдар қойылған. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Т.Рысқұлов туралы материалдар олардың жеке тұлға лығын ашып, олардың ұлтжандылық пен жерлестері алдындағы парызын бәрінен де жоғары тұлғалар ретінде көрсетеді. Көрме XX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанға жер аударылған халықтар туралы жарияланымдармен, сондай-ақ Қазақстан аумағында орналасқан «АЛЖИР» және «КарЛаг» сияқты саяси жер аударылғандарға арналған лагерьлер туралы жадығаттармен толықтырылған.
2024 ж. 27 мам., 06:25:28