Пресс - тур өтті
2024 жылдың 20 маусымында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай, Қостанай облысы бойынша Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін пресс-тур өткізілді. Аталған іс-шара Академияда алғаш рет өткізіліп отыр. Академия бастығы полиция генерал – майоры Ақынқали Дәрменов оқу ордасының алдына қойылған міндеттері туралы айтып, БАҚ өкілдерін қызықтыратын сұрақтарына жауап берді. Іс-шара барысында Академия басшылығы мен «Қазақстан» РТРК АҚ Қостанай облыстық филиалы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар полиция генерал-майоры А.Дәрменов тілшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларды құрмет грамотасымен, алғыс хатпен марапаттады. Пресс-тур барысында тілшілер оқу полигондарын, атыс тирін, мұражайды тек аралап қана қоймай, өздері де өткізілген қызықты іс-шараларға қатысты. Пресс-тур соңында қонақтар естелікке суретке түсіп, өз ризашылықтарын білдірді.