Академияда Полиция күні аталып өтті
Кәсіби мереке - Полиция күні қарсаңында Қостанай академиясында салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара Ішкі істер министрлігінің тұңғыш министрі, генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов жеке құрамды және ІІМ ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қоғамдық тәртіпті сақтау жолындағы қызметі мен адалдықтары үшін алғысын білдірді. Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және Академияның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін марапаттар табыс етілді. Бірқатар қызметкерлер құрметті демалысқа шығып, курсанттарға полиция кіші сержанты арнайы атағы берілді. Бұл ұрпақ алмасуының ғана емес, сабақтастықтың символына айналды. Барлық ішкі істер органдарының өкілдерін кәсіби мерекелерімен тағы да құттықтаймыз!