Түлектер форумы
Түлектер форумы















2024 ж. 20 шіл., 17:30:00
Бүгін ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында алғаш рет Түлектер форумы болып өтті. Жан-жақтан оқу ордамызға Академияда әр түрлі жылдары білім алған түлектер келді. Оларды Қостанай Академиясының бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов жылы қарсы алды. Академия түлектерінің атынан Қостанай облысы бойынша Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Файзуллин ризашылық білдірді. Іс-шараның ресми бөлімінен кейін түлектер Академияның ішін аралап, оқу кабинеттеріне кіріп шықты, концерттік бағдарлама тамашалады, асханададан курсанттық дәм татты.
















Енді дәстүрге бай Академияда тағы бір жаңалық орын алды: биылдан бастап Түлектер форумы жыл сайын шілденің әр үшінші сенбісінде өтеді.