10 тамыз барша қазақ халқы ақын–ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың күнін атап өтуде.
А.Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келген. Ол атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тараған. Туған кезде оған Ибрахим есімі берілді. Ұлы ақынның әжесі оны Абай деп атаған.
Абай мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы болып саналады. Оның есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатар тұрады.Ол 170-ке жуық шығарма жазып, елуден астам аударма жасаған. Ұлы ақынның шығармалары, ой-тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық. Оның ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланады.