Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 701 190 82 94
Сенім телефоны +7 747 143 2632

Онлайн форматтағы сараптамалық кездесу

Онлайн форматтағы сараптамалық кездесу

Қостанай академиясының қызметкерлері БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының штаб-пәтері ұйымдастырған сарапшылық кездесуге онлайн-режимде қатысты. Тәжікстан Республикасының пенитенциарлық мекемелерінде зорлық-зомбылық экстремизмінің алдын алу бойынша қызметкерлерді кәсіби оқыту талқылаудың тақырыбы болды. Орталық Азиядағы ҚАЖ қызметкерлерін даярлайтын бірден-бір жоғары оқу орны болып табылатын Қостанай академиясының жұмысы барысында осы бағыттағы тәжірибемен бөлісу ерекше міндет болды. Осылайша, Академия бастығы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Мәлік Мұқанов жиынға қатысушыларға ҚР ІІМ ҚАЖК пробация қызметінің және пенитенциарлық мекемелердің қызметкерлерін қайта даярлау және оқыту жүйесіне қатысты баяндама жасады.

Сонымен қатар Нельсон Мандела ережелерін зерделеу ғылыми-білім беру орталығының, ҚАЖ қызметкерлерін экстремистік идеологияға қарсы тұруға даярлау орталығының, психологтарды даярлау және социологиялық зерттеулер жүргізу орталығының, Пробация қызметі мамандарын даярлау орталығының қызметі көрсетілді. Академия ұсынған ақпарат Тәжікстан Республикасының түзеу органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлығын дамытудың негізгі кезеңдерін анықтау үшін пайдалы болды.

7927bb130ac2fdc075bf12be3625dbd341d2ba14.jpegaef50eba54a5bf8d6011df612fd29fea32c068ae.jpeg
2024 ж. 22 там., 17:35:00