Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 (777) 659-17-36 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 700-482-74-14

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл-қауіпсіз қоғам құру жолындағы маңызды қадам»

«Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл-қауіпсіз қоғам құру жолындағы маңызды қадам»

2023 жылдың желтоқсан айының басында Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы іс-шаралар жоспарын бекітті, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында қылмыстық заңнаманы күшейту және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресу бағытында ІІМ арнайы  мамандандырылған бөлімше құру қарастырылды.

Бүгін Қостанай академиясының қабырғасында имидждік жұмыс және ішкі коммуникациялар бөлімінің, жалпы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі А.Б.Бузаканованың бастамасымен алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына Қостанай қаласы ПБ БЖПҚ  әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция аға лейтенанты Г.А.Демированың, Қостанай облысы  ПД БЖПҚ ӘЗЗҚТ аға инспекторы полиция капитаны Г.Ш.Шаяхметованың, «Дамыту» ҚҚ төрағасы Н.Б.Косюк, сондай-ақ, «Қазақстан халық партиясы» ҚБ облыстық филиалының өкілдері Л.А.Бексейітова мен У.Т.Кудесованың қатысуымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл-қауіпсіз қоғам құру жолындағы маңызды қадам» атты ақпараттық кездесу өткізілді. Кездесу барысында ересектер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ересектер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық жасайтын азаматтармен алдын алу жұмыстар кешенінің негізгі аспектілері түсіндіріліп, парақшалар әзірлеу, акциялар өткізу, бейнероликтер жасау, интернетте тікелей трансляциялар жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді. 

408903bd7ff6df1d1bf67494c85600b89ad322b8.jpegd06ad2959e2f4f4fcf21cc24836e2b476bcf2524.jpeg
2024 ж. 22 там., 18:30:00