«Әкем, анам, мен...» спорттық эстафета
«Әкем, анам, мен...» спорттық эстафета
Отбасы күні қарсаңында ІІМ Қостанай академиясында «Әкем, анам, мен...» атты ұмытылмас спорттық эстафета өтті. Іс-шара қатысушыларын Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов қарсы алып, қоғамымызда отбасының маңыздылығына тоқталып өтті. Спорттық мереке аясында академия ардагерлері, Мұқажановтар отбасына құрмет көрсетілді. Отставкадағы полиция полковнигі Еркен Қажынасыпұлы мен отставкадағы әділет полковнигі Бислу Биғазқызы отау құрғандарына 50 жылдығын атап өтті. Спорттық эстафетада жеті отбасылық команда бақ сынады. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
2024 ж. 06 қыр., 20:00:00