Оқытушылар үшін семинар
ІІМ Қостанай академиясының қабырғасында оқытушылар үшін Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро өкілдерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасы полиция органдарының қызметіндегі Адам құқықтары мен бостандықтары» атты семинар өткізілді. Іс-шара «ҚР ІІМ Академияларының оқу бағдарламасына адам құқықтары жөніндегі оқу курсын енгізу арқылы Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің адам құқықтарын қорғау деңгейін арттыру» жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қолдауымен, сонымен қатар Канаданың жергілікті бастамалар қорының қаржылық қолдауымен Канаданың Қазақстандағы, Қырғызстандағы және Тәжікстандағы елшіліктерінің бастамасымен өтті. ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Дәуітұлы Әбішев алғыс сөзін білдірді. Семинарда адам құқықтары мен бостандықтарының негізгі аспектілері, полиция қызметкерлерінің азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау жөніндегі іс-әрекеттерін оқытудың тиімді тәсілдері, полиция практикасынан нақты мысалдарды қолдану және т.б. талқыланды.