Сертификаттар табысталды
Сертификаттар табысталды
ІІМ Қостанай академиясында оқытушыларға арналған «Қазақстан Республикасы полиция органдарының қызметіндегі Адам құқықтары мен бостандықтары» атты маңызды тақырыпқа арналған екі күндік семинардың жұмысы сәтті аяқталды. Семинар барысында қатысушылар полиция жұмысының құқық қорғау аспектілері туралы білімдерін тереңдетуге, сондай-ақ осы салада ұлттық және халықаралық деңгейде қолданылатын үздік тәжірибелерді зерделеуге бірегей мүмкіндік алды. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
2024 ж. 19 қаз., 15:00:00