Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

Ұлттық мереке - Республика күні

Ұлттық мереке - Республика күні

Бүгін кітапхананың оқу залында Ұлттық мереке - Республика күніне орай кәсіптік даярлық факультетінің 1-курс курсанттарының қатысуымен поэзия кеші өтті. Іс-шараның басты қонағы дарынды жас ақын және домбырашы, екінші курс курсанты Досбол Смайлов болды. Оның шығармашылығында патриоттық тақырып басты орын алады. Кеште Отанға, туған өлкеге, Қостанай академиясына және генерал Шырақбек Қабылбаевты еске алуға арналған өлеңдер, терме, күйлер айтылды. Досбол Академияның оқуында да, қоғамдық өмірінде де көшбасшы. Ол бірінші курстарға курсанттың тығыз өмірінде әрқашан да оқуға да және шығармашылыққа уақыт табуға болатынын айтты. Кеш соңында барлық қатысушылар үшін Республика күніне арналған кітап көрмесіне шолу жасалды.

a6cd2d006a8931be91d69f80685f614087edb674.jpg169a7af366fcfe0c5558a8ff0ea17f3c41b24e34.jpg
2024 ж. 22 қаз., 20:50:00