Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 (777) 659-17-36 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 700-482-74-14

Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

Республика күніне арналған салтанатты іс-шара

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған оқу орнының басшылығы, ардагерлері мен жеке құрамы қатысты. Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов ұлттық мереке Республика күнімен құттықтап, мерекенің маңыздылығын атап өтті. Салтанатты іс-шара барысында Республика күнін мерекелеу құрметіне орай қызметтік міндеттерін адал орындағаны және қоғамдық өмірге белсенді қатысқаны үшін Ішкі істер министрінің мерзімінен бұрын арнаулы атағын беру және ҚР ІІМ үздігі құқығымен бірқатар қызметкерлер, сондай-ақ Қостанай академиясы бастығының грамоталары және алғыс хаттарымен ІІО ардагерлері мен Академия қызметкерлері марапатталды. Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды

22143f37d1f69b1e786a26e1175181483dc3e777.jpgdd508d35394c5aba3a8d8007f4e564a3c3352aca.jpg41d5cc66c9414a39fa8ca03d62db4b46acc69314.jpg2fcb560d883c5598d998f4895815efbbc6bc9395.jpg
2024 ж. 24 қаз., 20:05:00