Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

ЖОО қызметкерлерінің балаларына арналған Ашық есік күні

ЖОО қызметкерлерінің балаларына арналған Ашық есік күні

Ішкі істер министрлігінің нұсқаулықтарын іске асыру  шеңберінде, сонымен қатар ІІО қызметіне қызметкерлердің балаларын тарту мақсатында ІІМ Қостанай академиясында алғаш рет жоғары оқу орны  қызметкерлерінің балаларына арналған Ашық есік күні өтті. Балалар оқу ғимараттарын, мұражайды, полигондарды аралады, сондай-ақ оларға академияның есімі берілген тұлға Ш.Қабылбаев туралы айтылды, олар жатақханадағы курсанттардың оқу үрдісімен, күнделікті тұрмысымен танысты. Балалар  ата-аналарының қайда жұмыс істейтінін өз көздерімен көруге және Академияның да тыныс - тіршілігін сезінуге бірегей мүмкіндік алды. Олардың бір күнге курсант атанып, болашақ заң мен тәртіп қорғаушыларының өмірін сезіну арманы бүгін орындалғанына сенімдіміз.

b4945f1e94a89c1c7a144f030f0aa77821a65af1.jpg5fb37cfb74216597b1bda89d890e8528cda552e9.jpg37c55050ab57a34f2c6f16dc617c98fea094c66d.jpg9ed69ba0a7a524ebb70e63a805dc307e1fe7c58c.jpgff66027d23946452ee4783c52812e418564e32cb.jpg
2024 ж. 30 қаз., 20:00:00