Жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің слеті
Жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің слеті
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында ағымдағы жылдың 1 қараша күні «Жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлерінің слеті» өтті. Тәлімгерлердің болашақ жастарға тәжірибелерімен бөлісу және олардың кәсіби біліктілігін арттыру іс-шараның мақсаты болды. Аталған шараға ІІМ Қостанай академиясының имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бастығы полиция капитаны Сәуле Нурпеисова және кәсіби даярлық факультетінің 2-курс курсанты Дәурен Кибатул қатысты. Слет барысында ІІО өкілдері өздерінің білімдерімен және мол тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіби біліктілікті арттыру бағытында өз үлестерін қосты.
2024 ж. 04 қар., 17:15:00