Қостанайда "Мамандығы бойынша үздік" байқауы өтуде!
Қостанайда "Мамандығы бойынша үздік" байқауы өтуде!
Қазақстан Республикасы ІІМ -нің тапсырмасы бойынша ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында учаскелік инспекторлар, ювеналды инспекторлар және патрульдік полиция үшін "Мамандығы бойынша үздік" республикалық кәсіби шеберлік байқауы басталды. Академия бастығы полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұл оқу орнының қабырғасында алғаш рет өткізіліп отырған іс-шара. Байқауға республиканың түкпір-түкпірінен Полиция департаменттерінің үздік өкілдері жиналды, бұл құқық қорғау органдарында біліктілігін арттыру және кәсіби деңгейі саласындағы маңызды оқиға болып табылады. 2024 жылдың 19-22 қарашасы аралығында қатысушылар бірнеше кезеңнен кейін өздерінің шеберліктері мен білімдерін көрсетеді. Бүгін байқауға қатысушылар бейне презентациялар ұсынып, эссе жазды. Біз оқырмандарымызды конкурстың барлық күндерінде болатын оқиғалармен хабардар етіп отырамыз.