Тәлімгерлер кеңесі төрағасымен кездесу
ІІМ Қостанай академиясында тәлімгерлер кеңесі төрағасының ЖОО-ның ардагерлерімен, басшылығымен, жеке құрамымен және курсанттарымен кездесуі өтті. Іс-шара барысында 2025 жылға арналған жоспарлар мен қызметтің негізгі бағыттары айқындалды. Атқарылған жұмыстар туралы Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Гайда Жандарбекова баяндама жасады.
Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы, академия бастығының орынбасары полиция подполковнигі Руслан Аужанов атап өткендей, тәлімгерлік – тәжірибелі және білімді аға буын өкілінен жас курсанттарға білім мен дағдыларды берудің ең ыңғайлы және тиімді тәсілі. Тәлімгерлердің көмегімен жас курсанттар белгілі бір өмірлік құндылықтарды, оң көзқарастарды қалыптастырады. Жеке құрам мен білім алушылардың алдында Қостанай академиясының қалыптасуының бастауында тұрған ЖОО-ның ардагерлері отставкадағы полиция полковнигі Айдарбек Ақылбеков, отставкадағы полиция полковнигі Михаил Бонк, отставкадағы полиция подполковнигі Бақыткүл Сұлтанова келер жылға жылы лебіз тілектерімен сөз сөйледі.