Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

Көшбасшылық дәріс

Көшбасшылық дәріс

«Көшбасшылық дәріс» жобасы аясында ІІМ Қостанай академиясында қылмыстық-атқару құқығы кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, доцент, әділет генерал-майоры Мейрам Ақатұлы Аюбаевпен алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларымен кездесу өтті. Әділет генерал-майоры Мейрам Ақатұлы Аюбаев өзінің білімімен, ІІМ жүйесіндегі  тәжірибесімен бөлісіп, қызметтегі заңдылықты, этиканы және кәсіби стандарттарды сақтаудың маңыздылығы туралы айтты. Осындай кездесулер құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ұрпақтары арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ жас мамандардың болашақ кәсібінің жауапкершілігі мен маңыздылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

49d03459a389fae17cf0d8601b93b382845db5e6.jpg023be7dfe94115c4c76e869e5f949ae763176676.jpga29fc7e7cbfb01b90b4f76afedd2822a4efe1390.jpg
2025 ж. 24 қаң., 18:00:00