Мәзір
1414 Байланыс орталығы
+7 747 143 2632 Сенім телефоны
Қабылдау комиссиясы +7 701-190-82-94

Рүстем Тасанбиевпен кездесу өтті

Рүстем Тасанбиевпен кездесу өтті

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын түсіндіру аясында Қостанай облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тасанбиұлы Тоқбергенов Қостанай академиясының жеке және ауыспалы  құрамымен кездесті. Өз сөзінде Рүстем Тасанбиұлы заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын, сонымен қатар құқық үстемдігі мен ашықтық бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі құралы екенін атап өтті. Парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударды. «Заң мен Тәртіп» идеологиясының негізгі аспектілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи тетіктер және жастардың оларды іске асыруға қатысуы талқыланды.

0c6f708abcac70c7e6aad4941bec4ec507e02c91.jpgd60b0b0e8610e27394cc1a8e1d1f07c10d9e6a37.jpgb5f2dfac53643ca17dd2644d95804dbb003d4ed6.jpg
2025 ж. 30 қаң., 17:00:00