Академия ардагерімен кездесу өтті
Академия ардагерімен кездесу өтті
2025 ж. 03 ақп., 18:00:00
ІІМ Қостанай академиясында тыңдаушылары ІІО ардагері отставкадағы полиция подполковнигі Азамат Бралинович Кусеубаевпен кездесті. Кездесу тәлімгерлік кеңесінің жұмысы аясында өтті. Азамат Бралинович оқу орнында 23 жылдан астам қызмет атқарды. Оның ішінде ҚР ӘдМ ҚАЖК Академиясының құрылымында курс бастығы лауазымында 10 жылдан астам уақыт болды. Еңбек сіңірген демалысына ІІМ Қостанай академиясы бастығының орынбасары лауазымынан кетті. Оның білімі мен мол өмірлік тәжірибесі бүгінде полиция қызметкерлерін патриоттыққа тәрбиелеу үшін маңызды орын алады. Кездесудің басты мақсаты тәжірибе алмасу, жас қызметкерлерді тәрбиелеуге қатысты мәселелерді талқылауға арналды.
