«Ұранды елдің - ұрпағы қайсар» кітап көрмесі
«Ұранды елдің - ұрпағы қайсар» кітап көрмесі
2025 ж. 14 ақп., 19:00:00
ІІМ Қостанай академиясының оқу залында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Ұранды елдің - ұрпағы қайсар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме материалдары соғыстың тарихын қатысушылар мен соғыс ардагерлерінің, тарихшылар мен репортерлардың көзімен бейнелейді. Біз Ауған трагедиясын ұмытпауымыз керек және өз міндеттерін адал атқарып, жер бетіндегі бейбітшілік үшін өз өмірін қауіп-қатерге тіккендерді мәңгі есте сақтауымыз қажет.
