Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

Тәлімгерлер кеңесінің алғашқы отырысы

Тәлімгерлер кеңесінің алғашқы отырысы

ІІМ Қостанай академиясында Тәлімгерлер кеңесінің алғашқы отырысы өтті, онда ішкі істер органдарының ардагерлері оқу орнының жас қызметкерлерімен кездесті. Іс-шараға Академия басшылығы мен Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Бұл кездесудің басты мақсаты – жас қызметкерлердің кәсіби шыңдалуына көмектесу, отансүйгіштікке баулу, жас полицейлерді Қазақстан Республикасы халқына аянбай қызмет етуге ынталандыру. Кездесу барысында тәлімгерлер жас мамандарға өздерінің өмір жолдарын, қызметтің қыр-сырларын айтып берді. Академияның Тәлімгерлер кеңесінің төрайымы, отставкадағы полиция полковнигі Б.Құрманғалиева қызметтік тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау қажеттігін айта келе, құқықтық тәртіп қорғаушының қызметтік жолында кәсіби борыш, ар-намыс пен абырой басты моральдық бағыт екенін атап өтті.

 

1750ca70ea3efb5d57de3866f7841b081db86f7a.jpg
2025 ж. 22 ақп., 20:00:00