Сертификаттар табыс етілді
Сертификаттар табыс етілді
2025 ж. 22 ақп., 18:00:00
ІІМ Қостанай академиясында ақпанның 17-нен бастап 22-не дейінгі аралығында пробация қызметі мамандарын даярлау орталығында біліктілікті арттыру курстары өтті. Аталған курс пробация қызметі қызметкерлерінің психологиялық құзыреттілігін арттыруға және оларды төтенше жағдайларда әрекет етуге үйретуге, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінде тиімді жұмыс істеу үшін қажетті маңызды психологиялық қасиеттерді жандандыруға бағытталған. Курс қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.
