Мәзір
1414 Байланыс орталығы
Қабылдау комиссиясы +7 705 242 37 27, +7 714 239 09 19
Телефон доверия +7 714 239 09 19(1012)

Студенттер полигонда білімдерін жетілдірді

Студенттер полигонда білімдерін жетілдірді

ІІМ Қостанай академиясының қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының қызметкерлері А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ қылмыстық құқық кафедрасының оқытушыларымен бірлесіп «Құқықтану», «Сот және құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша 3-курс студенттері үшін кафедраның криминалистикалық полигондарында таныстыру-оқыту экскурсиясын ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты студенттерді оқытудың практикалық жағын нығайту, сонымен қатар ҚПжК кафедрасының полигондарын көрсете отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеудің озық әдістерінің бағытын күшейтіп, оның  мүмкіндіктерімен таныстыру. Экскурсия студенттерге теориялық білімді жақсы түсінуге және оларды іс жүзінде қолдануға мүмкіндік берді, қылмыстарды тергеу және сот-медициналық мәліметтерді өңдеу дағдыларын жетілдірді.

 

eee4c240931574bc29f0f89e05aedb70b37fe114.jpgde15b9ab17e244e9c97916391724e6bc2c720133.jpg
2025 ж. 24 ақп., 17:00:00